Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі ұзарды

2096
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/4b88e2ca-f136-4520-a1d8-e3586b3d18ed.jpeg
«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«2023 жылғы 5 маусымда сот қаулысымен соталды тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылды және Д.-ға қатысты қылмыстық іс материалдарын қарау кезінде қамауда ұстау мерзімін екі айға дейін, яғни 2023 жылғы 7 тамызға дейін ұзартуға санкция берілді»,—делінген хабарламада.
Айта кетейік, 2022 жылдың 7 қаңтарында Ішкі істер министрлігі Алматыда криминалдық авторитет - Жабайы Арманның ұсталғанын мәлімдеген еді. Ол қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және қару-жарақты заңсыз сақтады деп айыпталып отыр.
Комментарии