Жетісуда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті

5390
Adyrna.kz Telegram

Жетісуда 15 жастағы жасөспірім қыз жоғалып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған.

«Полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр.

Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.

Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.

Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз»,—делінген хабарламада.

Пікірлер