Мызғымайтын шенеунік. Туған күніне өкілеті ұзара беретін әкім

3498
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің өкілеті аяқталуға жақын. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2017 жылы 15 маусымда Ахметов 63 жасқа толған болатын. Сол кезде облыс басшысының ресми түрде зейнетке кетуі мүмкін екені айтылды. Алайда оның өкілеттігі 2022 жылға дейін созылған еді. Өткен жылдың 11 маусымында Мемлекет басшысы Ахметовтің өкілеттігін тағы бір жылға ұзартты. Шешім әкімнің «көп жылдық жұмыс тәжірибесімен»түсіндірілді.

Айта кетейік, Даниал Ахметов 15 маусымда 69 жасқа толады. Ол — экономика ғылымдарының докторы, академик. Бұған дейін Павлодар облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін атқарды. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі болды.

Пікірлер