Американың Флорида штатында бала зорлағандарға өлім жазасы беріледі

3008
Adyrna.kz Telegram

Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис өзі басқаратын аумақта кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін сотталғандарға өлім жазасын енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна".  Бұл туралы Azattyq Ruhy жазды.

«Біз Флоридада балаларды қорғау үшін барымызды саламыз. Ең ауыр қылмыс саналатын бала зорлығы үшін өлім жазасы жалғыз орынды шара деп санаймыз», – деді губернатор.

Жаңа заң АҚШ Жоғарғы сотының 2008 жылы қабылдаған шешіміне қайшы келеді. Сондықтан ол кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін кінәлілерге, егер қылмыс баланың өліміне әкеп соққан жағдайда өлім жазасын қолдануға рұқсат берді.

Шешім Жоғарғы Соттың толық құрамының көпшілік дауысымен қабылданды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер