Павлодарлық 90 жастағы кейуана алаяқтарға 13 миллион теңгеге алданды - министрлік

2043
Adyrna.kz Telegram

3 маусым күні 90 жастағы зейнеткердің қалалық телефонына белгісіз ер адам қоңырау шалып, қызының жол апатына ұшырап, ер адамды қағып кеткенін айтқан, деп хабарлайды "Адырна" порталы. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Ол қазір түрлі жарақаттармен ауруханада жатқанын, қылмыстық жауапкершілікке тартпау мәселесін шешу үшін «Руслан» есімді белгісіз кісіге қаражат аудару керектігін түсіндірді. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үй телефонына бір бойжеткен қоңырау шалып, апатқа ұшырағанын, оған шұғыл түрде 20 миллион теңге қажет екенін айтты. Мұндай қоңыраулардан абдырап қалған зейнеткер қызының дауысына ұқсас болғандықтан, шынымен де телефон соққан қызы деп ойлаған.

«Зейнеткер өзінің барлық жинағы мен зейнетақысынан – 13 млн теңге қолына алған. Көп ұзамай есік қоңырауы соғылды, белгісіз ер адам кіріп, ақшаны санап, алып кеткен», - делінген хабарламада.

Күдіктілер іздестірілуде.

Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері осындай схема бойынша тоғыз павлодарлық алаяқтардың «жеміне» түсіп, шабуылдаушыларға жалпы сомасы 25 миллион теңге бергенін атап өтті. Барлық істер тергелуде.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер