Әлеуметтік желіде "атыс қаруын жарнамалады" деген күдікті ұсталды

1903
Adyrna.kz Telegram

Instagram желісінде «атыс қаруын жарнамалаған» күдікті ұсталды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы министрлік мәлімдеді. 

2 маусым күні Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, ер адамның атыс қаруын «жарнамалағаны» туралы видео анықталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

«Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері ер адамның кім екенін анықтады. Ол бұрын сотталған 33 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны болып шықты. Одан «Стечкин» пневматикалық тапаншасы тәркіленді. Сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді Павлодар облысы ПД басшысының орынбасары Болат Нұрсейітов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер