4 маусымда Рәміздер күні Алматыда қалай тойланатыны айтылды, деп жазады "Адырна".
Сағат 11:00-де Алматының барлық аудандарында әнұран орындалып, Медеу мұз айдыны жанындағы алаңда мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріледі.
12:00 Шевченко көшесі бойындағы М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін велошеру өтеді, оған барлығы қатыса алады. Шевченко көшесі бір сағатқа жабылатыны айтылды.
Ал 19:30-да Абай алаңында отандық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.
"Адырна" ұлттық порталы