Велошеру және мерекелік концерт. Рәміздер күні Алматыда қалай тойланады?

2738
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/06/izobrazhenie_2023-06-02_190351030.png
4 маусымда Рәміздер күні Алматыда қалай тойланатыны айтылды, деп жазады "Адырна".  Сағат 11:00-де Алматының барлық аудандарында әнұран орындалып, Медеу мұз айдыны жанындағы алаңда мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріледі. 12:00 Шевченко көшесі бойындағы М.Ганди атындағы саябақтан Қонаев көшесіне дейін велошеру өтеді, оған барлығы қатыса алады. Шевченко көшесі бір сағатқа жабылатыны айтылды. Ал 19:30-да Абай алаңында отандық жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

"Адырна" ұлттық порталы

评论