Әуе компаниясы Қостанайда аутист баланың отбасын ұшаққа отырғызбады

2462
Adyrna.kz Telegram

Қостанай қаласында әуежай қызметкерлері аутизмі бар баланың отбасын ұшаққа отырғызбай қойды, деп жазады "Адырна". Шағым Петропавлдағы «Мой ребенок» қоғамдық ұйымының парақшасында жарияланды.

Ворониндер отбасы 27 мамыр күні Түркияға төрт адамға тур сатып алып, SCAT әуе компаниясымен шет елге ұшу керек болған.

«Олар маған менің кенже қызымның аутизммен ауыратындығы және ұшақ ұқсас диагнозы бар адамдарды тасымалдауға арналмағанын айтты. Осылайша, біз жоспарланған турға ұша алмадық, отбасылық демалысқа деген жоспарымыз бұзылды, уақытымыз бен ақшамыз айдалаға кетті», - деп жазды Ворониндер отбасының отағасы ресми шағымда.

Отбасы SCAT әуе компаниясынан 1,09 миллион теңге көлемінде турпакет құнын, авиабилет құнының 10 пайызы көлемінде айыппұлды, сондай-ақ ворониндер 3 миллион теңгеге бағалаған моральдық шығынды өтеуді сұрайды.

Әуе компаниясы постқа шағыммен түсініктеме берді.

«Біз жолаушыларымыздың осындай жағдайға тап болғанына өкініштіміз. Әуе компаниясы кешірім сұрап, басқа қолайлы күндерде демалу мүмкіндігін ұсынды. Қызметкерге қатысты қатаң шаралар қолданылды», - деп атап өтті SCAT.

Пікірлер