Балалардың семіздігімен күресу үшін тәтті газдалған сусындардың бағасы көтерілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник министрліктің газдалған сусынға арналған акциздерді қымбаттату мәселесін көтергенін айтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Семіздік бойынша мәселе маңызды. Бұл сусындарда қант концентрациясы жоғары. Бұл балалардың денсаулығына әсер етіп, қант диабеті мен семіздіктің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін, – деді ол.
Вице-министр оқушылар арасында көру қабілетіндегі ауытқулар жиі кездесетінін мәлімдеді. Екінші орында орталық жүйке жүйесіндегі ауытқулар, үшінші орында бүкірею тұр екен.
Одан бөлек, брифинг барысында Вячеслав Дудник оқушылардың 10 пайызы электронды темекі немесе вейп шегетінін айтты.
Оның үстіне 13-15 аралығында қыздар мен ұлдар арасында олардың үлесі арта түседі. Министрлік заңды жетілдіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, – деп қосты вице-министр.