Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны әуеде жарылды. Оңтүстіктегі кәрістердің қабағы қатулы

1894
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Корея өзінің алғашқы спутнигін ғарышқа шығару мақсатында баллистикалық зымыран ұшырды, бірақ зымыран орта жолда жарылып, теңізге құлады. Оңтүстік Корея әскері зымыран жарқыншақтарының Сары теңізден табылғанын растады. Оңтүстік Корея Республикасының сыртқы істер министрі Пак Чжин Солтүстік Кореяның ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшыруына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Бүгін таңертең Солтүстік Корея БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарларын айқын бұзды. Сондай-ақ Корей түбегінің және бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін әрі  сорақы арандатушылық саналатын «спутник ұшыру» деген сылтаумен ұзақ қашықтыққа баллистикалық зымыран ұшырды. Біз аталмыш елдің бұл қадамын айыптаймыз. Солтүстік Корея келіссөз үстеліне қайта отырып, сабасына түседі деген үмітіміз бар», - деді Пак Чжин елімізге сапары барысында ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Онтүстік Корея әскері құлаған зымыран жарқыншақтарын тексеріп, талдау жүргізді. Талдауға сәйкес, зымыран расымен де ғарыштық спутникті ұшыруға арналғандығы анықталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер