Ағымдағы жылдың 2-4 маусым аралығында Тараз қаласында «Тараз – қолөнершілер қаласы» II халықаралық қолөнершілер көрмесін өткізу жоспарлануда.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы Жамбыл облысы әкімдігі.
Көрмеге Азия-Тынық мұхиты, Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шет елдер мен Қазақстанның қолөнершілері қатысады.
Шақырылған қолөнершілердің жалпы саны - 250.
Сондай-ақ, халықаралық қолөнершілер қауымдастықтарының, халықаралық сарапшылардың, туризм саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Іс-шараның мақсаты-өңірдің туристік имиджін ілгерілету, отандық қолөнершілерді халықаралық деңгейде танымал ету, жақын және алыс шетелдерден келген өнер шеберлері арасында тәжірибе алмасу.
Көрме аясында:
- кәдесыйларды сату жәрмеңкесі;
- қолөнершілер байқауы;
- «Көне Тараз» жас қолөнершілер байқауы;
- концерттік бағдарлама, театрландырылған көрініс;
- дөңгелек үстел;
- БАҚ үшін баспасөз конференциясы;
- сырттан келген қонақтарды өңіріміздің тарих және мәдениет нысандарымен таныстыру мақсатында экскурсиялық турлар ұйымдастырылатын болады.