Антикор генерал-майор Берік Біләловтың ісі бойынша тергеуді аяқтады

1443
Adyrna.kz Telegram

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция генерал-майоры Берік Біләловке қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ІІД басшысының міндетін атқарушы Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті 2021 жылы алаяқтық жолмен қылмыстық істі тоқтату мәселесін шешеміз деген желеумен 40 миллион теңгені алған.

"Қазіргі уақытта іс айыптау қорытындысын бекіту үшін прокуратураға жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада. Бұл туралы «Антикордың» баспасөз қызметі хабарлады.

Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімімен оның қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кінәсі анықталғанға дейін кінәсіз деп танылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер