Шынайы мұсылман адам Ердоғанға дауыс бермейді - Қылычдароғлы

2075
Adyrna.kz Telegram

Жексенбі, 28 мамырда Түркияда қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған мен оның басты қарсыласы Кемал Қылычдароғлы қатысатын дауыс берудің екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі бүгін, 28 мамырда өтеді. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де басталады. Сайысқа қазіргі президент пен оның басты қарсыласы, оппозициялық саясаткер Қылычдароғлы қатысуда.

"Ердоғанға дауыс беруге бекініп отырғандар, шешімдеріңізді сарапатап алуларыңызды сұраймын. Бұл азғыруға көнбеңіздер. Шын мұсылман мұндай үлкен азғыруға бармайды. Біз бәріміз имандылыққа, ізгілікке ұмтылуымыз керек", - деді Қылычдароғлы.

14 мамырда өткен дауыс берудің бірінші турында кандидаттардың ешқайсысы абсолютті көпшілік дауыс жинай алмады. Нәтижелер қазіргі президент Режеп Тайып Ердоғанның 49,5 пайыз дауыс жинағанын көрсетті. Оның сайлаудағы басты бәсекелесі Кемал Қылычдароғлы 45 пайыздан сәл төмен ұпай жинады.

 

Пікірлер