Алматы облысының әкімі Талғар ауданының тұрғындарымен кездесті

641
Adyrna.kz Telegram
www.gov.kz
www.gov.kz

Марат Сұлтанғазиевтің халықпен кезекті кездесуі 17 мамыр күні Талғар ауданының Бесағаш ауылдық округінде өтті. Өңір басшысы алдымен ауданның дамуы үшін жасалып жатқан жұмыстарды, тұрғындардан келіп түскен ұсыныстар бойынша осы уақытқа дейін атқарылған істерді толықтай айтып өтті. Кездесуге үш жүзден астам астам адамдар мен тұрғындар жиналды. Аудан тұрғындарымен кездескен облыс әкімі негізгі міндеттердің бірі – халықты баспанамен қамту екенін еске салды. Кездесу барысында облыс әкімі тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді.

«Өткен жылы ауданда әлеуметтік осал және көпбалалы отбасыларға тұрғын үй берілмеді, биыл да жоспарда жоқ», – деді халықтың мәселесін көтерген облыс әкімі.

Алайда, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың соңында Талғар қаласынан 216 пәтерге арналған 3 кредиттік үй қолданысқа беріледі. Сонымен қатар, аймақ басшысы мұнда 9 мыңнан астам азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, бұл халықтың ішкі көші-қонының өсу көрсеткіштерінің бірі екенін алға тартты.

«Бұл мәселеге ерекше назар аудару керек, өйткені халықтың тұрғын үй ұсыныс санынан асып кетуі аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатына әсер етуі мүмкін», – деді облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев.

Аталған мәселелерге байланысты өңір басшысы аудан әкіміне тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтуды және жеке тұрғын үй құрылысына қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар дайын алаңдарды қамтамасыз етуді тапсырды. Ал жұмыспен қамту мәселесіне келсек, былтыр облыста 37,2 мың жұмыс орны ашылған.

Пікірлер