АЛЖИРДЕГІ ЖАҒДАЙ

1765
Adyrna.kz Telegram

 

Алжирде 82 жастағы президент Әбделазиз Бутефликтің бесінші рет ел президенттігіне сайлауға түсуі тұтас Алжир халқының бас көтеруіне себепші болды.

Елдің барлық қалаларында халықтың дүмпуі бірнеше аптадан бері тоқтамай жатыр. Дәл қазіргі уақытта елдің премьер министрінің орыны бұрынғы ішкі істер министрінің орынымен ауыстырылды. Әбделазиз Бутефлик халықтың толқуынан сескеніп, қазіргі уақытта президенттік кандидатурасын алып, өкіметте біршама орын ауыстырулар мен өзгерістер жасады.

Қарап отырсаңыз біздегі формуланы көрсетеді. Соңғы уақытта мемлекеттің астанасында 10 мыңнан аса адам көтеріліске шығып, оларды таратуға полиция мен әскердің күші жетпей жатыр. Президент халыққа қарата келесі жылы кезектен тыс президент сайлауы болатынын мәлімдеді.
Мемлекеттің білім және ғылыми зерттеу министрлігі мектептердегі оқушылар мен жоғары оқу орындарындағы студенттерді көктемгі демалысқа жіберуге мәжбүр болды. Қазір оқу орындары бос қаңырап тұр. Алжрде 1,7 миллион студент бар, оның 630 мыңы жатақханаларда тұрады. Бутефлик 1999 жылдан бері елді басқарып келеді. 2013 жылы ол ауыр инсульттен аман қалып, арбаға жегілген болатын. Сонда да президент тағында отырып, ел басқарып келеді. Бірақ ол инсульт алғаннан кейін халықпен диалог орнатуды тым сиретіп жіберген.

Бекболат Қаржан

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер