Алматы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы 4,5 жылға сотталды

2547
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/c0a990e2-0c68-4339-bc7e-f2d2a1d93e59.jpeg
Медеу аудандық №2 соты Алматы қаласы Спорт басқармасының экс-басшысы Рүстем Байсейітов пен оның қарамағындағыларға үкім шығарды. Олар 367 миллион теңгені жымқырғаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұрынғы басшы Рүстем Байсейітов 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол енді мемлекеттік қызметте лауазымды міндетті атқара алмайды. Сондай-ақ Алматы қаласы Спорт басқармасының қаржы-шаруашылық басқармасының экс басшысы Әйгерім Байғонова 3 жыл 6 айға, «Қазақстан гольф федерациясы» ҮЕҰ спорт менеджері Әлия Смақова 3 жылға, «Qazaq Sport» ЖШС директоры Ержан Мұхаманов 7,5 жылға сотталды. Айта кетейік, Спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотта өз кінәсін толық мойындамады.
Комментарии