2024 жылдан бастап заңды қазақ тілінде жазу міндеттеледі. Және аударылады

2805
Adyrna.kz Telegram
Фото: ken-zhyloi.kz
Фото: ken-zhyloi.kz

Елімізде бұдан былай заңдарды мемлекеттік тілде жазу заңмен міндеттелетін болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Оның айтуынша, үкімет 2024 жылдан бастап нормативтік құқықтық акт жобасын қазақша әзірлеп, содан соң орыс тіліне аударуды жоспарлап отыр.

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов сол үшін екі тілде жазылған нормативтік құжаттардың мағынасының сәйкестігін тексеру биыл басталады деді.

2023 жылдың екінші тоқсанында қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық акт (НҚА) мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарланған.

Аталған шаралар қазақ және орыс тілдеріндегі НҚА мәтіндерінің мағыналық сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық базаға толығымен терең тексеру жүргізу жоспарында баяндалған.

Бұл ретте "артық регламенттеуді болдырмау" мәніне ревизия жүргізу көзделмеген НҚА (жекелеген заңдар мен заңға тәуелді актілер) олардың жобалары мемлекеттік органдардың норма шығару қызметі барысында лингвистикалық сараптамаға түскен кезде қаралады. Аталған шара мемлекеттік тілдегі НҚА мәтіндері мазмұнының сапасын арттыруға ықпал етеді, – деді Алтай Көлгінов.

Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс депутаттары 32 жыл ішінде елімізде 3,5 мың заң қабылданғанын айтқан. Оның барлығы дерлік орысша жазылған. Тек "Тілдер туралы" және "Көші-қон туралы" екі заң ғана қазақ тілінде дайындалған.

Пікірлер