80 жасында. Әліби Жангелдиннің кенжесі опат болды

2412
Adyrna.kz Telegram

Алматыда белгілі революционер Әліби Жангелдиннің ұлы Шыңғыс Жангелдин көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шыңғыс Жангелдин 24 мамырда қайтыс болды. Өліміне өкпенің қабынуы себеп болған.

Айта кетейік, Шыңғыс Жангелдин 1943 жылы Әліби Жангелдин мен Софья Кенжинаның (Қазақ АССР Оқу және Сауда Халық Комиссары, Алаш Орданың бұрынғы көсемі, 1938 жылы репрессияға ұшыраған Аспандияр Кенжиннің қызы) отбасында дүниеге келген.

Шыңғыс Жангелдин Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетін бітіргеннен кейін зертханада микробиолог болып жұмыс істеп, Қазақ КСР Ғылым академиясы Ботаника институтының Маңғышлақ экспедициясының Өзен отрядында инженер болды. Танымал қазақстандық микробиолог Шамис Давид Лазаревичтің (белгілі қазақстандық жазушы Морис Симашконың әкесі) аспирантура туралы ұсынысына қарамастан, 1967 жылы ол Камчаткаға Тынық мұхит балық шаруашылығы және мұхиттану институтына (ТИНРО) жұмысқа кетіп, зертхананы басқарды. Кейін отбасылық жағдайға байланысты туған жеріне оралып, Казсовпрофта (кәсіподақ кеңесі) еңбек жолын бастады. 

Шыңғыс Жангелдинді соңғы сапарға шығарып салу 26 мамырда өтеді. 

Пікірлер