Шымкентте көлігіне ит байлап сүйреген адамға хаттама толтырылды

3407
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында бірқатар оғаш әрекеттерді анықтады. Оның арасында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне ит байлап, оны сүйреп бара жатқаны таспаланған бейнежазба бар. Көлігімен "ит жетектеген" жүргізушіге хаттама толтырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желідегі видеоларды сүзгіден өткізу барысында полиция қызметкерлері ерекше әдіспен "ит жетектеген" жүргізушіні анықтады.

«Жедел басқару орталығының инспекторлары «Қорғау» қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды», - деп жазды ІІМ-нен.

Көлігімен ит сүйреген адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер