Елордада Қазақстан әскери ғылымының даму болашағы талқыға түсті

3070
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Елордада «Қазақстан Республикасы әскери ғылымының даму болашағы. Мәселелері мен оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шараның негізгі мақсаты – әскери ғылымның дамуына серпін беру. «Әскери-стретегиялық зерттеу орталығы» АҚ ұйымдастырған шараға отандық ғылым мен әскери саладағы білікті мамандар қатысып, ой бөлісті.

Сөз басын Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Басқарма президенті Күнсұлу Закарья бастап берді. Одан өзге «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Айгүл Түлембаева, запастағы генерал-майор Асхат Рыспаев секілді азаматтар ойларын ортаға салды. Әскери ғылымның даму болашағы туралы түрлі ұсыныстар айтылып, шешу жолдары сөз болды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әскери ғылымның негізгі мәселелері анықталып, оны шешуге бағытталған тұжырымдамалар дайындалатын болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер