“Аса құпия”. Кәрім Мәсімов сот үкіміне қатысты апелляциялық шағым түсірді

4035
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов шығарылған үкімге қатысты апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарлары А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін жария етті.

Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді.

"Апелляциялық шағым түсірілді, бірақ іс апелляциялық сотқа әлі келіп түскен жоқ. Атап айтқанда, іс "аса құпия" мәртебесімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды", - делінген қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінде.

Еске салсақ, ҰҚК-нің экс-басшысы Кәрім Мәсімовке қаңтар оқиғасы бойынша айып тағылған болатын. Бас прокурор Берік Асылов атап өткендей, тәртіпсіздіктер кезінде Мәсімовтің тапсырмасы бойынша ҰҚК департаменттерінің жеке құрамы жұмыс орындарын тастап кеткен.

Пікірлер