Жамбыл облысында демалыс аймағынан өрт шықты

3337
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жамбыл облысындағы Меркі ауданының Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағы өртке оранды. Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрт 20 мамыр күні сағат 21.56-да тұтанған.

Сол маңдағы ағаштан соғылған 4 ғимарат – әкімшілік ғимарат, дәмхана және екі қонақүйді жалын шарпыған. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 37 қызметкері мен 12 техникасы жұмылдырылып, өртті сөндіріп жатыр.

Сағат 00.13-те жалынның таралуы тоқтатылды. Тілсіз жау шарпыған аумақтың көлемі анықталып жатыр.

Айта кетейік, жыл бойы қызмет көрсететін «Тұран» демалыс аймағы Қырғыз Алатауының баурайында, теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте, Меркі шатқалында орналасқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер