Қазақстанның жаңа картасын жасауға бюджеттен 56 миллион теңге жұмсалды

3724
Adyrna.kz Telegram

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның жаңа картасын құрастыруға қанша қаржы кеткені туралы ХҚХАЖ Геодезия және картография комитетінің басшысы Қажмұхан Бекмұқашев баяндады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Жалпы  Қазақстанның, алты облыстың әкімшілік картасы мен облыс орталықтарының сызбаларының жоспарын жасауға 56 миллион теңге жұмсалды. Қазақстанның жеке картасына - 10 миллион теңге кетті», – дейді Қажмұхан Бекмұқашев.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов өткен жылы үш жаңа аймақ құрылғанын еске салды. Оның айтуынша, осыған сәйкес Қазақстан Республикасының саяси картасын және жаңа алты облыстың тақырыптық картасын жаңарту қажет болды.

«Біз үлкен жұмыс атқарып, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасын жасадық, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды ​​облыстарының карталарын жаңарттық, Абай, Ұлытау, Жетісу өңірлерінің карталарын жасадық», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер