Қазақстанға оралғандар көбейіп, елден кеткендер саны азайғаны хабарланды

3135
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанға келетіндер көбейіп, елден жыраққа көшетіндер саны азайғаны хабарланды. Бұл жайды Ұлттық статистика бюросына сілтеме көрсете отырып "Адырна" ұлттық порталы жазады.

2023 жылғы қаңтар мен наурыз аралығында елге көшіп келгендер саны 7 680 адам, елден қиыр қонып, шет жайлап кеткендер саны 2 664 адам болды.

Көші-қон сальдосы - 5 016 адам. 2022 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87% өскен, ал кететіндер саны 49,6% азайды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында жүрген. Сандарға қарасақ, мобилизация тұсында көші-қон ағымының артқанын көруге болады. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 90%, ал сонда кеткендердің үлесі – 69,5%.

Ел ішінде көшіп келушілер саны 10,9% -ға өсті. Өңіраралық көші-қон бойынша еліміздің 4 өңірінде: Алматы (6 782 адам), Астана (6 443 адам), Шымкент (241 адам) қалаларындажәне Алматы обласында (223 адам)халықтың көші-қонының оң сальдосы қалыптасқаны мәлімделді.

Елден кетіп жатқан қазақтардың да үлесі төмендегенін байқауға болады. 2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында 33,2% қазақ келсе, 7,6% қазақ жыраққа кеткен.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер