Линда Яккарино Twitter-дің жаңа бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы Илон Маск Twitter-дегі жеке парақшасында жазды, “Адырна” ұлттық порталы.
«Twitter-дің жаңа бас директоры ретінде Линда Яккариноны көргеніме қуаныштымын!», - деп жазды ол.
Айтуынша, компанияның жаңа басшысы бизнес-операциялармен айналысатын болады. Ал өзі өнімнің дизайны мен жаңа технологияларға ден қояды.
Линда Яккарино 60 жаста.
Айта кетейік, әлемнің ең бай адамдарының бірі И.Маск Twitter-ді өткен жылдың қазан айында 44 млрд долларға сатып алған болатын. Ол бірден компанияның директорлар кеңесін таратты.
Бір жолы Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің бас директоры етіп, өз итін «тағайындаған» болатын.