Алматы облысында бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланып, мерт болды

2091
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында көп балалы отбасы мүшелері белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 4 мамырда Көлашы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көлашы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адамның (екі ересек және төрт бала)  белгісіз затпен уланғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Соның салдарынан 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт баласы (2010 жылы туған қызы мен 2008, 2013, 2018 ж.т. ұлдары) жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Алдын ала себеп - белгісіз затпен улану" деп жазды ТЖД.

Мән-жайды анықтау үшін дереу шақырту орнына ТЖД-ның ғылыми-зерттеу өрт зертханасы, газ қызметі және СЭС жіберілді. Бастапқыда жиналған материал Қарасай ауданы бойынша учаскелік полицияға тапсырылды.

 

Пікірлер