ҚУАНЫШ ЕДІЛХАНТЕГІ: Ертеңгі күнді мереке деп тойлайтындар - бұрын СССР құрамында болған колониалды елдер ғана...

2234
Adyrna.kz Telegram
Украинада ертең жұмыс күні. Себебі олар бүгін дүние жүзінің басқа елдерімен бірге соғыста шейіт болғандарды еске алу күнін өткізді, сондықтан ертеңгі күн олар үшін мереке емес. Ертеңгі күнді мереке деп тойлайтындар - бұрын СССР құрамында болған колониальды елдер ғана. Ертең әлі де болса СССР ықпалынан шыға алмай жүрген, орыстар үшін Отан соғысы аталып жүрген күн ғана тойланады. Ал қазақтар үшін ол Отан соғысы емес, өйткені қазақ жерінде бірде-бір қазақты неміс солдаты атып өлтірген жоқ. Олар тек амалсыз, бодан ел болғандықтан ғана сол соғысқа килікті.
Өкінішке орай мұны көптеген қазақтар әлі де болса түсінбейді, өздерін миллиондап аштан қырған, соғысып қырған, әлі күнге дейін өз тілдерінде сөйлетіп келе жатқан колонизаторлармен бірге тойлайды. Бүгін кешке таман 9-мамырмен құттықтаған видеороликтер уатсап арқылы қарша борайды, ол анық. Себебін соғыста өлген аталарымен түсіндіреді, оның ешқандай да мереке емес екендігін түсіндіру пайдасыз. Себебі мемлекеттің өзі мұны қолдап отырады, себеп-салдарларын ашып түсіндірмейді, ұлттық идеология жоқ. Информациялық кеңістікті көрші ел толықтай жаулап алған. Өкінішке орай десоветизация жүрмей ештеңе де өзгермейтіні анық. Ендігі үміт жастарда ғана.
Пікірлер