Мәндібектің мән-жайы не болды? Полицияның жартымсыз жауабы

3507
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде журналист Ербол Мәндібектің президентке үндеу жолдап, отбасының қорғалуын талап еткен видеосы тараған болатын.  Министр Дархан Қыдырәлі мен оның баспасөз хатшысы Нұрбек Әмиша  оған назар аударғанымен, мәселе түпкілікті анықталмады, деп жазады "Адырна". 

Ербол Мәндібектің 7 мамыр күні, түнде көз ілместен үзік-үзік тікелей эфирге шығып отырғанына көпшілік куә болды. Десе де, тілшінің нақты талабы мен арызына қатысты құзырлы органдардан ресми жауап әлі де айтылмады.

Facebook парақшасындағы эфир видеоларынан Мәндібектің сыраға ұқсас сусын ішкені және көлік айдағаны байқалған болатын. Жағдайға қатысты Астана қаласының полиция департаменті пікірін алу мақсатында "Адырна" тілшісі тиісті органға хабарласқан болатын. Алайда азаматтардың жүгіну телефоны қоңырауға жауап бермеді. Кезекші бөліміне хабарласқанымызда, "мұндай сұрақтарға баспасөз орталығы жауапты. Бірақ, оларда бүгін демалыс. Бүгін қоңырау көтермейді", деді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер