Қазақстанда орташа жалақы көлемі өсті

2879
Adyrna.kz Telegram

2023 жылғы I тоқсанда атаулы жалақының орташа мәні 340 636 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Басқарманың мәлімдеуінше, өткен жылмен салыстырғанда өсім 19,3%-ды, нақты мәнде – 0,6% төмендеді. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады.

«2022 жылмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды. Салалар бөлінісінде ең жоғары жалақы мөлшері тау-кен өндіру саласындағы – 766 555тг, одан әрі қаржы және сақтандыру секторында – 602 114тг, сондай-ақ ақпарат және байланыс саласында болды – 541 218тг. Орташа жалақының ең төменгі деңгейі сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 тг, сондай-ақ және ауыл, орман және балық шаруашылығында – 179 388 теңге»,—делінген хабарламада.

Пікірлер