"Жасаған Ием, патшаны cақтай гөр". Лондонда Король Чарльз III таққа отырды

2465
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/05/5000x3438_0xac120004_15674325971683372323.jpeg
Ұлыбританиядағы Вестминстер сарайында Король Чарльз III (Карл ІІІ) пен оның әйелі Камилланың таққа отыру рәсімі өтіп жатыр. Трансляция корольдік отбасының YouTube арнасыннан көрсетілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Чарльз III-тің басына Әулие Эдуардтың тәжі тағылып, монарх қолына "күш-қуат" нышаны, крест, көгершін мен егемендікті айғақтайтын сақинасы бар асатаяқты алды. Ол таққа 74 жасқа қараған шағында отырды. Чарльз III-тің басына 1661 жылы жасалған Сент-Эдвард тәжі тағылды. Таққа отырғаннан кейін Карл III  діни қызметкерлерден, құрдастарынан және өз отбасы мүшелерінен адалдық антын қабылдады. Монархқа оның жұбайы Камилла да ант берді. 74 жасында тәжге қол жеткізген Карл III Ұлыбританияның ең қарт монархы. Енді елдің әнұраны өзгеріп,  басы "Жасаған Ием, Патшаны сақта!" деп шырқалатын болады. Сарайдағы шіркеу рәсімін ағылшын шіркеуінің басшысы Кентербери архиепископы өткізді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии