Алматы. Мопед мінген ер адам жолда туған дауға бола автобус жолаушыларына оқ атты

2042
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы, Түрксіб ауданында мопед жүргізушісі жолаушылары бар автобусқа оқ атты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Белгілі болғандай, мопед мінген азаматқа 219-автобустың "жолын кес-кестеп өткені" жақпай қалған. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды. 

Видео авторының айтуынша, 219-автобусқа мопед мінген ер адам оқ атып, «мені кесіп өттің» деп айғайлаған.

Қалалық полиция департаменті автобусқа оқ ату фактісін растады. Зардап шеккендер жоқ. Мопед жүргізушінің кім екені анықталды. Қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек:

«Оқиға бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматы қаласы Түрксіб ауданында болған. Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншадан қоғамдық көліктің әйнегіне атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Зардап шеккендер жоқ.

Мопедистің жеке басы анықталды. Оны қамауға алу шаралары жүргізілуде. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары Түрксіб аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімінде жүргізілуде», – деп хабарлады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер