ҚАЗАҚҚА АЛҒЫС АЙТАЙЫҚ!  КЕЗІНДЕ БАС САУҒАЛАП КЕЛГЕН БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АРУАҒЫ РИЗА БОЛСЫН!

2522
Adyrna.kz Telegram

Бес жарым ғасыр бұрын Ұлы далада тоғысқан көп ру мен тайпа бір хандықта бірікті. Қазір ассимиляцияның екінші кезеңі басталуда. Ортақ тарихи тағдырымыз бiрiктiрген біздер, көп этнос болып құралып, қазақ ұлтымен бір халық болдық. Ал бүгін қазақтың тілі мен менталитетінің негізінде бір Қазақ ұлты болып қалыптасудамыз. Қазақстанда тұратын этностар үшін мемлекетті құрушы ұлтқа ризашылықпен қарау, тілін, ділін құрметтеу – қоғамдық келісімнің түп негізі болмақ.

Кезінде қазақ халқы қуғын-сүргін құрбандары мен тылға келген бабаларымызды құшақ жая қарсы алды. Сол кезде қазақтың өзінде де ашаршылық пен репресия кезеңі болғанын, соған қарамастан ас-суымен бөліскенін ұмытуға болмайды.

Сондықтан ата-бабаларымыздың өмірін сақтап қалған, қиын-қыстау заманда бауыр болған қазаққа шын ниетпен алғыс айтсақ, сол бабаларымыздың аруақтары бір аунап, бізге де риза болады деп сенемін.
Сол үшін де қазақ халқына мың алғыс айтамын!

Жалпы әрбіріміз үшін алғыс айтуға себеп көп. Ең алдымен әкелеріміз бен аналарымызға, дос пен бауырға, әрбір тілекші жанға мың алғыс болсын!

Максим Споткайдың Фейсбуктегі жазбасынан

Пікірлер