Қазақстан жазушылар одағының төрағалығына өзімді ұсынамын - Думан Рамазан

2385
Adyrna.kz Telegram
Жазушы-драматург Думан Рамазан Қазақстан жазушылар одағының төрағалығына өз кандидатурасын ұсынған жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна".
Думан Рамазан өзінің Facebook парақшасында неліктен өзін төрағалықтан көретінін мәлімдеді.
Ол бірнеше критерийлер көрсетіп, еліміздегі жазушы, әдембиетшілердің шығармашылығын шыңдауға қажет бағыт-бағдарды атап өтті:
"Жазушылар одағының ғимараты бар, ондағы жалға берілетін бөлмелер бар, жиын өткізетін кең залы бар, Шығармашылық үйі бар, мемлекеттік тендерлерден түсетін қаржы-қаражат бар, егер істің ебін тапса, өзін-өзі ақтайды деп ойлаймын. Одаққа түскен әр тиынның орнымен жұмсалуын қатаң қадағалап, ерекше бақылауда ұстаса, оңды-солды шаша бермесе, көп нәрсе тындыруға болады. Жыл сайын одақтың кіріс-шығысын есептеп, есеп беріп отырса, жұртшылықта да ешқандай күдік-күмән тумайды. Заманға сай бәрі ашық болуы керек. Түкке қажеті жоқ жиындардың барлығын қысқартып, немесе басқаша, жаңаша форматта өткізуді ойластырып, жаңаша жұмыс істеуге көшу керек. Бұл жағынан алғанда да істеймін деген адамға Қазақстан Жазушылар одағында мүмкіндік мол" деп жазды ол.
Пікірлер бөлімінде біршама зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері Думан Әмірғалиұлын қолдап, төрағалық қызметке әбден лайық көріп отыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер