Жоғарғы Рада Ресейдің мемлекеттік идеологиясын ресми түрде "рашизм" деп атады

2342
Adyrna.kz Telegram

Украинаның Жоғарғы Радасы Ресейдің қазіргі саяси режимін ресми түрде "рашизм" деп атады.  Сонымен қатар, оның идеологиясын тоталитарлық сұрқай саясатқа негізделген деп бағалады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Украинаның Жоғарғы Радасы Ресейдегі  саяси режимге айыптап, оған "рашизм" деген түсінік берді.

Сонымен қатар, ол БҰҰ-ға, Еуропарламентке, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясына, сондай-ақ басқа елдердің үкіметтері мен парламенттеріне "рашизм" идеологиясын сынға алуды қолдауға шақырды.

Халық депутаты Алексей Гончаренконың айтуынша, қаулы жобасына 281 адам дауыс берген.

Мәлімдемеде "Ресей соғысы, Владимир Путиннің саяси режимі, әлемге қарсы ашылған нео-империялық, тоталитарлық диктатуралық соғыс, ол өткеннің ең нашар тәжірибелерін өзіне сіңірген және фашизм мен ұлттық социализм идеяларын орыс фашизмінің (рашизмнің) қазіргі сипатында бейнелейді" делінген.

Жазбада Путин режимінің негізгі белгілерінің бірі және мемлекеттік идеологияның негізі есебінде орыс ұлтшылды идеялары, сондай-ақ езгі, басқа халықтардың өмір сүру құқығын таптай отырып, Ресей мен ресейліктердің өрлеуі екендігі таңбаланады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер