Астана полицейлері желаяқ Марат Жыланбаевты ұстап, босатты

1815
Adyrna.kz Telegram

Астана полицейлері тіркеуден өтпеген "Алға, Қазақстан" партиясының мүшесі Марат Жыланбаевты қайтадан ұстап әкетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қоғам белсендісінің бұл жолы жол ережесін бұзғаны айтылады.

""Менің жоспарда өткізуім керек болған шеберлік сыныбым бар, адамдар мені тосып отыр. Мен өз ісіме жауапсыздық таныта алмаймын. Сондықтан мен жол ережесін бұзбасам да, айыппұлын төлеуге дайынмын. Мұнда хаттаманы толтырайық, айыппұл жазып, төлете аласыз", - деп жауап берді Жыланбаев Азаттыққа.

Оқиғаның мән-жайы былай болған. Полиция қызметкерлері өзара келіскен. Кейіннен спортшы әрі қоғам белсендісіне басқа бір құқық қорғау маманы келіп, "жоқ жерден дау шығарған".  "Тұрған жерінде хаттама толтыруына мүмкіндік бермеймін" деп оқыранып, белсендіні полиция бөлімшісіне апаруға тырысқан.

Марат Жыланбаев "полиция бөлімшесінде көп уақыт бөгелмейтінін айтқан" мамандарға сенгенін айтады. Осылайша, спортшы Астана қаласы, Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізіледі.

Орайы келгенде айта кетейік, 2023 жылдың ақпанында Жыланбаев депутаттыққа ұсынылды, бірақ кейінірек сот оны "мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін" айыппұл салды.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер