Селжүк Байрактар: Технофестті бірігіп бауырлас Қазақ елінде де ұйымдастыруға болады

2691
Adyrna.kz Telegram

Түркияның Ыстамбұл қаласында Технофест аэроғарыш және технологиялық фестивалі өтті. Биыл айтулы шара Түркия Республикасының құрылғанына 100 жылдығына арналды.

Технофесттің негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың технологияға деген қызығушылығын арттыру әрі Түркияны технологияны өндіретін және дамытатын ел ретінде әлемге таныту.

Шараға қатысушы әрі оны ұйымдастырушылардың бірі - Түрік әскери әуе техникаларын өндіруші Селжүк Байрактар Тенхофесттің көкжиегі жылдан жылға кеңейіп келе жатқанын айтты.

Селжүк Байрактар, Baykar Makina компаниясының техникалық директоры:

«Технофест Тәуелсіз Түрік елінің жобасы. Фестивалдің болашағы бар. Биыл біз алтыншы рет ұйымдастырып жатырмыз. Өткен жылы Әзірбайжанда өткізген болатынбыз. Ал келешекте бауырлас елдерде ұйымдастыратын боламыз. «Қызыл алма» деп аталатын әскери әуе аппаратымыздан кейін ұшатын көлік және ғарыш аппараттарына ден қоюуымыз мүмкін. Бұл қазіргі заман талабы» деді.

Биылғы фестивалдегі көрмеге азаматтық және әскери әуе техниканың түр-түрі қойылған. Мұнда ұшақтың, тікұшақтың және ұшқышсыз басқарылатын техникалардың ондаған бірлігі көпшілікке таныстырылды. Әсіресе аңызға айналған «Байрактар» ұшқышсыз әскери әуе аппаратына көптің қызығушылығы жоғары. Ал оны құрастырушы Селжүк Байрактар болашақта Қазақ елінде де мұндай фестивальдің өтуі мүмкін деді.

«Біздің фестиваль мамырдың басына дейін жалғасады. Бауырлас Қазақ елін осы жерден көргім келеді. Біз түбі бір елміз. Ал, келешекте екі елдің жарқын болашағы үшін Технофесті бірігіп Сіздің елде де ұйымдастыруға болады» деді ол.

Ірі авиациялық шоуға әсіресе студенттермен мектеп оқушыларының қызығушылығы зор. Сондықтан олар осы күндерді жыл бойы күтеміз дейді.

Ғылым мен технологиялық өндіріске арналған мереке 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайында, ал Анкарада 30 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтпек.

Ғани ӨТЕПБАЙҰЛЫ, Ыстамбұл

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер