Мамандығы журналист депутат фейк-ақпаратқа сенгенін мойындады

2355
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты, журналист Ермұрат Бапи өзінің фейк-ақпарат жариялағанын жазды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресей Федерациясын агрессор ел деп тану туралы резолюция ұсынған болатын. Бұл туралы белсенді телеграм арнасы ақпарат жариялады. Осыған қатысты журналист-депутат өзінің Facebook парақшасында "Қазақстан Ресейді "агрессор" деп таныды" деген жазбасын қалдырды. Оның бұл хабарламасына көпшілік суреттің тақырыпқа сәйкес келмейтінін айтып, жалған ақпарат деп сынады.

Шамалы уақыттан соң Ермұрат Бапи ақпараттың фейк екенін мойындап, жазбаға түзету енгізді. Оның айтуынша, аталмыш жазбадағы сурет Ресейдің Украинаға агрессия туралы айтқаны туралы ақпарат болып шыққан.

Желіде дауға айнала жаздаған осы мәселеге қатысты "Адырна" тілшісіне берген жауабында Ермұрат Бапи: "Жазбаға түзету енгізіп қойдым. Жалған ақпарат болып шықты" деп қысқа қайырды.

Еске сала кетейік, биыл даулы жағдайда депутат атанған Ермұрат Бапи Қазақ мемлекеттік университетін (қазір әл-Фараби атында) «журналист» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Социалистік Қазақстан» - «Егемен Қазақстан» газетінің аға тілшісі, «ДАТ» баспа жобасының жетекшісі, «СолДАТ» газетінің бас редакторы, «Тасжарған» тәуелсіз газетінің («Жұма-таймс» және «Айна плюс») бас оқырманы, штаттан тыс журналист қызметін атқарған. “Dat - Общественная позиция” газетін басқарып жүріп, соңғы Мәжіліске депутат болған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер