Алматының Бостандық ауданына қарасты Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, - деп жазады "Адырна".
"2023 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курс курсантының мәйіті табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған", - делінген хабарламада.
Бостандық аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі (өз-өзіне қол жұмсау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағаны түсіндірілді.
ҰҚК қайтыс болған курсанттың отбасына қолдау көрсетіп жатқандарын мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы