АҚШ-та 13 жасар мектеп оқушысы 66 құрбы-құрдасының өмірін сақтап қалды. Бала батыр кенеттен кеудесі қысылып, талып қалған автобус жүргізушісінің орнын алмастырған. Қатерлі тұста тізгінді өз қолына алып, жасына қарамай жанкешті әрекетке барған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Mirror-ға сілтеме көрсете отырып.
Мектеп автобусына мінген оқушылардың басына түскен қатерге тосқауыл болып, оларды аман алып қалған 13 жасар бала батыр жалпақ жұрттың алғысына бөленді. Оның есім-cойы - Диллон Ривз. Мичиган штатының тұрғыны. Оның ақылға салап әрекет еткен бейнесі құрылғы камерасына таспаланып қалған.
Диллон жүргізушінің талықсып бара жатқанын көріп, рульге бірден жармасады. Автобусты тоқтатып, апаттың алдын алады.
Оқиға барысын зерттеген полиция мамандары Диллонның әрекетін ерлік деп санап, мектеп әкімшілігіне алғыс хат жолдады:
- Небәрі жетінші сынып оқитын ойы жүйрік, қимылы ширақ батыр қиын сәтте автобустың тізгінін ұстап, залалсыз тоқтауына мұрындық болды. Жұдырықтай жүрегімен үлкен ерлікке барған мектеп оқушысының әрекеті баршамызға үлгі, мәңгілік мақтаныш, - деп жазылған алғыс хатта.
Варрен қаласының полиция қызметкерлері салтанатты жиын ұйыпдастырып, Дилон және оның отбасына алғыс білдірді. Бала батырдың арқасынан қақты.
Автобус жүргізушісінің неліктен мұндай қиын жағдайда қалғаны әзірге белгісіз, ашық айтылған жоқ.
"Адырна" ұлттық порталы