Астанадағы Тіл басқармасын жапқан Сұлтановтың жиған-тергені туралы не білесіз?

1986
Adyrna.kz Telegram

Астананың өткенде ғана тағайындалған әкімі Бақыт Сұлтанов қазір қазақ тілді қоғамның ашуын туғызды. Басқаларға көз қылатын бас қаладағы Тіл басқармасын жапты.  Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталында «Сұлтановқа керек емес Тіл, халыққа керек!» атты мақала жариялаған едік.

Бүгін сол Сұлтановтың өзі туралы жазбақпыз. Бақыт Сұлтанов Астанаға әкім болып келерден бұрын Қазақстанның Қаржы министрлігін басқарды. Елбасының сөзімен айтсақ, мемлекеттің қалтасы болды. Қазынаның кілтін ұстады. Бірақ, қазынаға қожалық еткен 5 жылда жарытып жұмыс істеді дей алмаспыз. Сұлтановтың сазайын Нұрлан Нығматулин төрағалық ететін Мәжілістің депутаттары да, Елбасыынң өзі де жақсылап берген. Парламенттің таяғын жегенін айтпағанның өзінде, Елбасынан екі мәрте ескерту алып, үшіншісінде қызметінен босаған адам еді.

Сөйтсек, мемлекеттің қазынасына біраз уақыт қожалық еткен Бақыт мырзаның өзі де байбатшалардың санатынан болып шықты. Жиған-тергені де аз емес екен.

Бақыт мырза әкімдігі тұсында Астанада бес баланың өмірін жалмаған ауыр қаза болды. Күллі қазақтың қабырғасын қақырайтып, делсал еткен шетін оқиға болған шаңыраққа Бақыт Сұлтанов бас сұқпағанын білесіздер.

Бас қаланың басшысының бұл қылығы жұрттың ашуын бір келтірсе, енді міне, Тіл басқармасын жауып екі ашуландырып отыр.

Осы жағымсыз жаңалықтан соң біз қазақ тілінің бақыты емес, соры болып келген әкім Бақыт Сұлтановтың осы уақытқа дейінгі қандай жұмысы, еткен еңбегі елдің есінде бар екен деп, әлеуметтік желіні ақтардық. Ақтарып отырып мынадай бір қызық дерекке жолықтық.

«Camonitor.kz» дейтін сайт Бақыт мырзаның байлығын есептеп жазыпты. Біле жүріңіздер, біз әлгі мақаланы қазақшаға аударып бергенді жөн деп есептедік.

Қазақстанның бейресми бай-бағландарының тізіміне біздің Бақыт Сұлтанов та кіреді екен.

Оның жиған-терген дүние-байлығын әуелі «Радиоточка» жазған. Кейін ол материалды «Camonitor.kz» сайты көшіріп жариялаған. Ал біз аударып басып отырмыз.

Бақыт Сұлтанов

«Назарбаев интеллектуалды мектептері» АҚ, Қамқорлық кеңесінің мүшесі. 1971 жылы Алматыда туған. ҚҰТУ және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Мамандығы – инжинер-электрик, экономист.

1994 жылдан бастап қаржы саласында басқару жұмыстарын атқарып келеді.

2007 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қаржы вице-министрі болды.

2007 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі болды.

2010 жылы ҚР Президентінің көмекшісі қызметін атқарды.

2012 жылы ҚР Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып көрді.

2013 жылдан бастап ҚР Қаржы министрі болып тағайындалды.

2018 жылы қыркүйекте Астанаға әкім болып барды.

Марапаттары:

«Құрмет» орденімен және 6 медальмен марапатталған.

Төлеген салығы:

2010 жылы – 108 млн 833,8 мың теңге;

2011 жылы – 181 млн 591,2 мың теңге;

2012 жылы – 239 млн 204,6 мың теңге;

2013 жылы – 68 млн 262,6 мың теңге;

2014 жылы – 291 млн 346,5 мың теңге;

2015 жылы – 254 млн 289,5 мың теңге.

Жоғарыдағы салықтық төлемдерді сараптай келе, 2014 жылы министр қызметіне мықтап кіріскен Сұлтанов салықтық төлем көлемін қайта қалпына келтіріп, тіпті министрліктің фискалды төлемдер тарихындағы рекордтық көрсеткішті орнатқанын көреміз. Енді отбасына тоқталайық.

Регина Фандесовно Сұлтанова

1970 жылы туған. Астана әкімінің жұбайы.

Данияр Бақытұлы Сұлтанов

1997 жылы туған. Бақыт Сұлтановтың ұлы. Ресми ақпараттарға сенсек, бұл екі адам ешқандай бизнеспен айналыспайды. Яғни, әкім «әкелерінің» қолына қарап отыр.

Анель Бақытқызы Сұлтанова

1989 жылы туған. Бақыт Сұлтановтың қызы. «А&М Блібім беру орталығы» ЖШС-нің жалғыз құрушысы және директоры. Бұл орталық 2013 жылдың 16-мамыры күні тіркелген екен. Астана қаласында орналасқан. Аударма жұмыстарымен айналысады.

Төлеген салығы:

2013 жылы – 163,9 мың теңге;

2014 жылы – 173,3 мың теңге;

2015 жылы – 0 теңге.

Тұрлыхан Базылұлы Сұлтанов

Бұрынғы министр, қазіргі әкімнің әкесі. 1949 жылы туған. «Талғар қалалық психоневрологиялық интернат-үйі» Мемлекеттік басқармасын басқарған. Бұл орталықты 2005 жылы 23-ақпанда Алматы облысы әкімдігінің аппараты құрған.

Төлеген салығы:

2010 жылы – 3 млн 279,1 мың теңге;

2011 жылы – 4 млн 961,2 мың теңге;

2012 жылы – 6 млн 272,1 мың теңге;

2013 жылы – 6 млн 339,2 мың теңге;

2014 жылы – 5 млн 991,6 мың теңге;

2015 жылы – 8 млн 576,6 мың теңге.

Нұрлан Сұлтанов (1974 жылы туған) пен Ерлан Сұлтанов (1973 жылы туған). Бұлар әкімнің бауырлары. Ешқандай компанияға үлескер емес.

Арман Тұрлыханұлы Сұлтанов

1976 жылы туған. Бақыт Сұлтановтың бауыры. «Қазтранссервис» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Дәурен Сұлтанов

Кіші інісі. 1981 жылы туған. «Аргофирма «Мойынқұм откорм» ЖШС құрушылардың бірі. 2014 жылы 18-маусымда тіркелген.

Төлеген салығы:

2014 жылы – 0 теңге;

2015 жылы – 1 млн 591,0 теңге.

Осы ретте тағы бір дерекке көз жүгіртейік. Дәурен Сұлтановтың құрған шаруашылық серіктестігінің басқа да мүшелері бар екен. Олар:

-Гүлнара Әскербекқызы Тусельбаева – Шығыс Қазақстандағы атағы дардай дәрігердің қызы;

-Дос Перуашев – Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің бауыры;

-Алмаз Азаматұлы Абильдаев -  1996 жылы туған. Құрылыс материалдарын өндірушілер одағының Президентінің ұлы;

-«Мойынқұм АГРО»ЖШС. Бұл шаруашылық 2009 жылы 28-қыркүйекте Жамбыл облысында тіркелген.

«Мойынқұм АГРО» ЖШС төлеген салығы:

2010 жылы – 1 млн 659,1 мың теңге;

2011 жылы – 5 млн 273,0 теңге;

2012 жылы – 4 млн 729,6 мың теңге;

2013 жылы – 183,0 мың теңге;

2014 жылы – 1 млн 392,0 мың теңге;

2015 жылы – 3 млн 072,0 мың теңге.

  1. Кешегі Астанаға қазақ тілінің қорғаны саналатын Тіл басқармасын керексіз деп таныған әкім Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтановтың «семьясы» осындай. Біле жүріңіздер... Ескерте кетейік, бұл деректер ашық интернеттен алынған.

«Адырна» ұлттық порталы

https://camonitor.kz/24301-chem-vladeet-i-s-kem-svyazana-semya-bahyta-sultanova.html

Пікірлер