Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек жұмыс бабымен Қызылордаға сапарлады

2924
Adyrna.kz Telegram

26 сәуір күні ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Абайұлы Құранбек жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді.
​Вице-министр Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тұрғындармен кездесті.



Жиынды Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Байманов Шахмардан Асқарұлы жүргізіп, өңірдегі спорт саласы жетістіктері мен даму динамикасына қысқаша тоқталып өтті.

Сондай-ақ, кездесуге облыстық мәдениет және спорт басқармасына қарасты мекеме басшылары, жаттықтырушылар және қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты.

​Сәрсен Абайұлы өз сөзін "Қасиетті Қорқыт бабаның рухымен тыныстаған киелі өңірде өздеріңізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын" деп бастады. Вице-министр сапарының басты міндеті елімізде жүріп жатқан реформалар туралы халықты ақпараттандыру, мемлекеттік органдардың ел тұрғындары алдындағы жауапкершілігі мен жұмысын күшейту екендігін айтты. Осы орайда ол министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Кездесуден соң С.Құранбек қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Ендігі кезекте вице-министрді "NAMAN ATA" спорт кешенінің құрылтайшысы Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев кешен жұмысымен таныстырды.

Кешенде Сәрсен Абайұлы жаттығу өткізіп жатқан балалармен сұхбаттасып, оларға болашақ ел намысын қорғар чемпион болуын тіледі.

Вице-министрдің соңғы нысаны Жаңақорған ауданынының жергілікті спорт кешені болды. Мұнда ол гандбол, баскетбол және үстел теннисімен айналысушы жас спортшылармен кездесті. Сонан соң, аудандық ипподромдағы Көкпаршылардың жаттығуын тамашалап, жетістіктері мен алдағы жоспарлары жайында ақпарат алды. Сәрсен Абайұлы Көкпар спортын дамыту бойынша аудандық спорт саласы басшыларының білдірген ұсыныстарын қолдап, елімізде ұлттық спортты дамыту мәселесі қашан да алдыңғы орында тұруы қажет екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол министрлік тарапынан ұлттық спорт түрлерін дамыту үшін барлық жағдай жасалып, ұсыныстар қашан да қабылданатындығын жеткізді.

Пікірлер