"Зерттейміз." Шетелдікке тұрмысқа шығатындарға салық салуға қатысты министрлік пікір білдірді

2790
Adyrna.kz Telegram

Өткенде Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден шетелдікке тұрмысқа шыққан қыздарға салық салу туралы бастама көтерген еді. Бұл ұсынысқа қатысты үкімет басшысының орынбасары пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы аstanatv.kz-ке сілтеме көрсете отырып. 

Премьер-министрдің орынбасары әрі қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бұл бастамадан бейхабар екендігін айтып, мұндай тәжірибенің әлем елдерінде бар екенін мәлімдеді. Ресми түрде ұсыныс түскен жағдайда шетел асқандарға салық салу мәселесі қарастырылатынын хабарлады.

"Ұмытпасам, кейбір елдерде бұл (шетелдіктермен некеге тұру салығы - еск.) тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондықтан зерттейміз, мұндай ұсыныс түссе қарастырамыз. Бірақ бұл әлі талқыланбады", - деп жауап берді Жамаубаев.

Бір кезде президент сайлауына кандидат болған депутат Қарақат Әбденнің дегені қоғамда қызу талқылау тудырған.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер