Өскеменда "қас-кірпігін жасату" үшін сұлулық салонынына барған әйел көз жұмды

7222
Adyrna.kz Telegram
Өскемендегі сұлулық салонында блефаропластикалық ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

1962 жылы туған Өскемен қаласының тұрғыны көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, көз жанарының айналасын түзетпек болған әйел осылайша  жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері түсінік берді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы, 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер