Елена Рыбакина елордада Польшамен өткен матчта жеңіске жетті

4218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/0cc08a62-e03a-4ce4-81cf-70c5e5f1aca8.jpeg
Астанадағы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан - Польша матчында еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина қарсыласын жеңді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің он тоғызыншы ракеткасы Магда Линетпен шеберлік байқасты.
Кеше 2:0 есебімен алға шыққандықтан, Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін енді бір ғана жеңіс жеткілікті еді. Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Е. Рыбакина брейк жасап, сосын сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4. Екінші сетте қазақстандық спортшы 2:0 есебімен алға кеткенімен, М. Линетт таразы басын теңестірді. Дегенмен, Елена қайта брейк жасап, өз геймін алды – 4:2. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін бірінші матчболын пайдалана білді – 6:2. Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Комментарии