Оқу жылының аяқталуы мен емтихандар мерзімі жарияланды

3498
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/04/99fd99d4-05cc-43d1-84d6-080b44b7e3c6.jpeg
Елімізде оқу жылын аяқтау және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімі белгіленді. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Құжатқа сәйкес, 2022-2023 оқу жылы барлық мектепте 31 мамырда аяқталады. 2-13 маусым аралығында 9 (10) сыныптар үшін қорытынды емтихандар ұйымдастырылса, 5-19 маусым күндері 11 (12) сынып оқушылары мемлекеттік емтихандарын тапсырады. 9 (10) сынып оқушыларының емтихан кестесі: 2 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан; 6 маусым – математика; 9 маусым – қазақ не орыс тілі; 13 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан. 11 (12) сынып оқушыларының емтихан кестесі: 5 маусым – оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан; 8 маусым – алгебра және анализ бастамалары; 12 маусым – Қазақстан тарихы; 15 маусым – қазақ не орыс тілі; 19 маусым – таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан.
Комментарии