Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Netflix» өкілдерімен кездесті

2445
Adyrna.kz Telegram

Бұл туралы Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгін «Netflix» компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінің үкіметтерімен өзара іс-қимыл жөніндегі директоры Александр Лонгпен кездестім. Кездесу барысында бірлескен ортақ жобалар жасау мәселелерін талқылап, өзара ой-пікір алмастық. Жалпы компанияның зор әлеуетін ескере отырып, серіктестік орнатуға мүдделі екенімізді жеткіздім. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдерді Netflix платформасында орналастыруға ниеттіміз. Александр Лонг мырзаға соңғы жылдары сапасы артып, деңгейі өскен отандық сериалдар өндірісі туралы айтып бердім. Өздеріңізге белгілі, қазірде елімізде түсірілген сериалдар мен отандық контенттерге сұраныс артып, алыс-жақын шет елдерге сатыла бастады. Біз министрлік тарапынан сериалдарымызды халықаралық деңгейге шығару мақсатындағы жұмыстарды жалғастыра береміз", - деді ол.

Пікірлер