Месси Роналдудың рекордын жаңартты

4876
Adyrna.kz Telegram
Фото: wikimedia
Фото: wikimedia

«Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Лионель Месси еуропалық клубтар үшін ең көп гол соққан «Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың рекордын жаңартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Лига 1-нің 30-шы турындағы «Ниццаға» қарсы матчта Месси еуропалық клубтар сапындағы өзінің 702-ші ресми голын соқты, бұл тек ПСЖ-ның жеңісі ғана емес, Лионель Мессидің тағы бір жеке жетістігі болды.

Осылайша Месси Еуропадағы 702-ші голын соғып, бұл көрсеткіш бойынша Криштиану Роналдудан (701) асып түсті.

Айта кетейік, Лионель Месси — аргентиналық футболшы, «Пари Сен-Жермен» командасының шабуылшысы және Аргентина құрамасының капитаны. Әлем чемпионы, Оңтүстік Америка чемпионы, Финалиссима жеңімпазы, Олимпиада чемпионы. Ол ең танымал және табысты футболшылардың бірі.

 

Пікірлер