Ит сойғандар ұсталды

2785
Adyrna.kz Telegram
Фото: vyksavkurse.ru
Фото: vyksavkurse.ru

Ақмола облысында ер адамдар көшедегі итті сойып, етін жемек болған. Бұл туралы Ақмола облысының полицейлері Атбасарда жануарларға қатыгездік көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

7 сәуір күні Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою фактісін анықтады. Түнде екі адам көшеде жүрген итті көріп, оны тамаққа пайдалану туралы шешім қабылдаған.

Арам пиғылын жүзеге асыру үшін олар жануарды пышақпен өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен. Ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тергеу барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді. Қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер