Шымкентте Бәйтереков пен Назарбеков көшелерінің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус 6 адамды қағып кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында «Метро» сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қаққан.
Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Соның ішінде 17 жастағы қыз қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 2005 жылғы қыздың жағдайын орташа ауыр деп бағалады, ол нейрохирургия бөлімінде жатыр.
Оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы барды. Фельдшер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп, оларды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.
Басқа зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасында, перинаталдық орталықта және Шымкент қалалық клиникалық ауруханасында ем алуда.